Марихуананы сақтағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен С.М-ға қатысты қылмыстық іс  қаралған.

Атырау облыстық ІІД-нің қызметкерлерімен шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында Махамбет ауылы аумағында 2 куәнің қатысуымен, сотталушы С.М. ұсталған, оны жеке тінту кезінде шалбарының қалтасынан             1,5 гр. пакетке оралған кептірілген марихуана, наркотикалық зат табылған. Одан бөлек, тұрғын үйін қарау барысында, шкафтың ішінен банкіге салынған және өзінің жатын бөлмесіндегі матрастың астынан қағазға оралған жалпы салмағы 5 гр. марихуана тауып алған. Аталған наркотикалық заттарды сотталушы С.М. сатуға емес жеке өзі пайдалануға сақтаған.

Сот, іс-құжаттарын зерттеп, сотталушы С.М-ның шын жүректен өкінгенін ескеріп, оған 25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 56 725 теңге айыппұл салынған.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі