Мас күйде көлік жүргізгені үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың тамыз айында азаматша Н. жүргізуші куәлігінсіз алкогольдік масаң күйінде өзінің басқаруындағы «ВАЗ 21099» маркалы автокөлігін басқарып, Атырау қаласының Шманов көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйдің қақпасына соқтығыс жасаған.

Сотта құқықбұзушы Н. өзінің кінәсін толықтай мойындады.

Сот қаулысымен Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 8 бөлігімен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 317 660 теңге айыппұл салынды.

 

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі