Масаң күйде көлік басқарғаны үшін жазасын алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдыңмаусым айында Ресей азаматы Б.А.«Kia Sportage»маркалы көлік құралын «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 637 шақырымында басқарып келе жатқанда полиция қызметкерлері тоқтатып, көлік құралын, құжаттарын тексереді. Тексеру барысында Б.А.-дан алкоголь иісі шығып, күдік тудырған соңдәрігерлік куәландырудан өткізіліп, оның нәтижесі бойынша А.Б.-ның «жеңіл» дәрежеде алкогольдік масаң күйдн болғаны анықталды.

Құқықбұзушы медициналық куәландыру қорытындысымен нанысып, онымен келіскен және әкімшілік құқық бұзущылық туралы хаттамамаға шағым келтірмеген.

Сот қаулысымен Б.А. Қазақстан Рсепубликасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі