Медиация әдісіне жүгінген ерлі-зайыптылар заңды некелерін сақтап қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы Ж.Н. жауапкер Т.М.- мен арадағы некесін бұзуды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Сотқа, талап қоюшы Ж.Н-дан  жауапкер Т.М.-мен медиация келісімін жасасқанын, екеуінің арасындағы некені бұзуды сұраған талабынан бас тартып,  істің медиация тәртібімен қарауды сұраған өтініші түсті.

Жауапкер дауды өзара реттеу кезінде талап қоюшымен татуласып,     отбасын сақтау мақсатында алған міндеттерін орындап, талапкермен медиация келісімін жасасқан.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасақталған медиациялық келісім тиісті шарттар негізінде бекітіліп, неке бұзу туралы азаматтық іс өндірісі тоқтатылды.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі