Медиация кабинетінің тиімділігі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізудегі жаңашылдықтары  татуластыру рәсімдерін одан әрі дамыту және реттеу - Елбасының  Судьялардың 6 съезінде тапсырылған басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Осы орайда, Индер аудандық сотымен медиация заңын  халық арасында насихаттау шаралары  нәтижесінде  кәсіби емес медиаторларға жүгіну фактілері көбеюде.

Татуласу рәсімдерінің одан әрі дамуының кепілі кәсіби және кәсіби емес медиаторлар,судья,адвокаттардың қатысуымен ғана емес, азаматтардың уақытын  тиімді пайдалану, қаражат үнемдеу және  өздерінің құқықтарын жетілдіруіне, әрі қарай тараптар арасындағы қарым қатынасты сақтауға да қатысты.

Бұл тұрғыда Индер ауданының тұрғындары сот ғимаратында жабдықталған «Медиация бөлмесінде» істі насырға шаптырмай, сотқа арызданбас бұрын медиация тәртібімен шешуге ниет білдіруде.

Аталғандай – 2016 жылы 26 шілдеде азаматша А.Мухамбеткалиева сот ғимаратына келіп,  көршілерімен  үйінің алдындағы жерге қатысты мәселені бітімгершілік жолымен шешу мақсатында медиатормен қамтамасыз етуді өтінді. 

Сот қызметкерлерімен «Медиация бөлмесінде» тараптарға   кәсіби емес медиатор М.Елеумен кездесіп, өз ара мәселені шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік жасалды.  

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі