Мектеп директорына оқу мекемесінің терроризмге қарсы қорғалуын тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында орта мектеп директоры Г.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

АІІБ-мен жүргізілген тексеру кезінде Б.Аманшин атындағы орта мектебінің террористік тұрғыдан осал объекті болып табылатын терроризмге  қарсы қорғалу паспортының ажырамас бөлігі болып табылатын жекеленген қосымшасымен рәсімделетін құжаттарының дұрыс рәсімделмегені, яғни Ереже талаптары сақталмағаны анықталды.

Сотта мектеп директоры Г.Б. өзінің жұмысына алаңғасарлықпен қарағанын ішінара мойындады.

Сот қаулысыменмектеп директоры Г.Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 158 830 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі