«Мектеп медиациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында судьялардың қатысуымен «Мектеп медиациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде төрағалық етуші А.Ерманов Болгариядағы Софья университетінің профессоры Татьяна Дронзинаның 2017 жылғы 14 маусымда өткізген «Мектеп медиациясы: мәселелері мен келешегі» тақырыбында  материалдарды судьяларға таныстырып, оны жұмыста қолдануды тапсырды.

Атырау қалалық сотының судьясы Э.Дощанова өз баяндамасында мектеп медиациясына толық түсінік беріп өтті.

Дөңгелек үстел соңында судьялар әлеуметтік қоғамда мектеп медиациясын құру бойынша өзара пікірлерімен алмасты.

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі