Мемлекеттік қызметшілер күнін Атырау қалалық соты атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Атырау қалалық сотында мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті.

Сот төрағасы А.Ерманов билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталатынын атап өтті.   

Сонымен қатар, сот төрағасы қалалық сот қызметкерлеріне мемлекеттік қызметте болумен қатар Қазақстан Республикасы халқының болашағы мен әл-ауқаты үшін ауыр жауапкершілік жүктелетінін, сондықтан мемлекеттік қызметшілер әрдайым өздерінің біліктілігін арттыруға жұмыстанып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға міндеті екенін ескертті.

Сот төрағасы мемлекеттік қызметшілер С.Туребаева, А.Джаксыбаева, А.Сарбалина, А.Джумагазиева, Д.Ысқақ, Д.Зинешова, А.Сундетовтардың жұмыстарын атап өтті.

Салтанатты жиын соңында сот төрағасы А.Ерманов мемлекеттік қызметшілермен олардың отбасыларына зор денсаулық, бейбітшілік,  халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріне сәттілік тіледі.

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі