Мемлекеттік тіл-қазақ тілін меңгеру-әрбір Қазақстан Республикасы азаматының парызы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекеттік тіл-қазақ тілін меңгеру-әрбір Қазақстан Республикасы азаматының парызы. Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қажет болған жағдайда басқа тілдерге аударылады. Қазақ тілінің байлығы мен қабілеті әлем тілдерінің қай-қайсысын алсаңыз да, соларға лайық, пара-пар және оны осылай айтуға толық негіз бар. Сонау ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ұйытқы болған-оның қасиетті де киелі ғажайып тілі. Сол ғажайып қазақ тілінің мәртебесі қаншалықты деңгейде, оны дамытып нығайтуға қандай шаралар атқарылуда.            

Мемлекеттік тілге басымдық беретін, оның мәртебесін жоғарылатын бап Ата заңымызда көрсетілсе де, кейбіреулеріміз осы мәселеге немқұрайлы қарап, мән бермейміз. Қазақ тілінің туын қазақ көтермесе, кім көтереді. Қазақ тілінің тиімділігін, оны үйренуін жүйелі түрде қолға алып, күнделікті қолдау қажеттігін түсінетін уақыт та жетті. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға міндетті» деп көрсетілген. Егемендік елдің бір белесі-мемлекеттік қазақ тілі. Осы ел белесін жоғары деңгейде ұстау үшін сот жүйесі мемлекеттік қазақ тілін игеруге одан әрі дамытып  нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.  

         Ана тілімізде «қаймана қазақ» деген сөз кездеседі. Бұл бөтен, яғни танымайтын адам дегенді білдіреді. Кез келген сөзді орынсыз қолдану тілімізге абырой әкелмейді, керісінше, бүлдіреді. Сөздің жүйесі бұзылады, мән-маңызы кетеді. «Үңіле қарасаң сүттен де қан көрінеді» дегендей, зер салып байқасақ, біз әлі игере алмай жүрген, архаизмге жатпайтын талай-талай тамаша сөздеріміз де, өкінішке орай, орынсыз қолданылып жүрген сөздеріміз де көп екені анық.

«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол- ақынның білімсіз бишарасы»,- деген жоқ па еді ұлы Абай.

      Ендеше, ана тіліміздің асылын талғай, бөтенін де тани білейік. Сөздің де жүйесі  бар. Жүйесін тапқан сөз әрқашан да әсем бола бермек.

 «Мемлекеттк тіл рухани байлығымыздың қайнар бұлағы, тәуелсіздігіміздің тірегі». Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі-мемлекеттік тіл өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқы ғана емес, Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халық үлес қосып, оны меңгеруі қажет.  Ол үшін ана тіліміздің қасиетін өзіміз біліп, оны қастерлеп, дәріптеп басқа ұлт өкілдеріне насихаттауымыз қажет деп білемін.

 

Атырау облысының мамандандырылған

 ауданаралық экономикалық сотының

 бас маман Д. Есенгалиева