Мотоциклды мас күйінде жүргізген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Е.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Е. 2017 жылдың мамыр айында Атырау қаласы Дамбы тас жолы бойында «Асел» дүкені тұсында жүргізуші куәлігі болмаса да, «Урал» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі жоқ мотоцикл құралын мас күйінде жүргізіп, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының  6 бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысында азамат Е. кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен Е. кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі