Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде медиация тәртібінде татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Исатай аудандық сотында талап қоюшы Султанованың жауапкер Шадировадан қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2016 жылдың шілде айының 25 күні жауапкер Шадирова талап қоюшы Султановадан қолхатпен 70 000 теңге қарызға ақша алғанын, қарызды тамыз айында қайтаратын болып келіскендерін көрсетіп,  жауапкерден 70 000 теңге қарызын және 700 теңге баж алымын өндіруді сұраған.

Тараптар кәсіби емес медиатордың көмегімен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, келісім шарттары бойынша жауапкер 70 000 теңгені талап қоюшыға 2017 жылғы 28 ақпанға дейін төлеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы жауапкерге қойған талабынан бас тартады.

Сот, тараптардың арасында жасақталған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді тараптарды шақырмай бекітті.

Талап қоюшы Сұлтановаға 700 теңге баж алымы қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі