Отағасы отбасы тыныштығын бұзғаны үшін сотты болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысы Индер аудандық сотының қаулысымен азамат К.А  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың маусым айында К.А арақ ішкен мас күйінде, жолдасы А.А.-ны боқтап-балағаттап ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзған.

Сот отырысында  К.А. өз кінәсін толықтай мойындады. Жәбірленуші сотта оған кешірім бермейтінін айттын. Өйткені бұл жиі қайталанып жүрген жағдай, сол себепті заңға сәйкес қатаң жаза қолдануды сұраймын деді.

Сот құқықбұзушы К.А.-ға әкімшілік жаза ретінде 3  тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі