Отбасының тыныштығын сақтауда медиацияның маңызы зор

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында азамат А.-ға қатысты жекеше айыптау ісі қаралды.

Сотталушы А. өзінің заңды некедегі зайыбы Г.А.-ға ішімдік ішкен мас күйінде қол көтеріп, ұрып соққан.

Басты сот талқылауында жәбірленуші Г.А. күйеуіне кешірім беріп, нәтижесінде олар медиация тәртібімен татуласып, жәбірленуші күйеуін жауаптылықтан босатуды сұрады.

Сот қаулысымен сотталушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109-бабымен айыпталған жекеше айыптау ісі жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылып, сотталушы ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігі негізінде жауаптылықтан босатылды.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі