Өзбекстан азаматшасы қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық соты Өзбекстан  Республикасының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қарады.

Өзбекстан Республикасының азаматшасы А. Қазақстанға жеке мақсатпен келіп, Жылыой ауданы, Қосшағыл селосындағы үйге тіркеліп, алайда, белгіленген мерзімі біткен соң өз еліне кетуден жалтарып, құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысымен өзбек азаматшасы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі