Пәтер шығынына қатысты дау медиациямен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотымен дауды (жанжал) шешудің балама әдістері кеңінен қолданылуда. 

 Тараптар талап қоюшы Н.Поленова жауапкерлер «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС, «Али» ТМК, «Asian Aspan» ЖШС-і өздерінің құқықтарын қолданып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты медиациялық келісім бекіту үшін ұсынды.

Медиациялық келісім бойынша жауапкер «Asian Aspan» ЖШС-гі 2016 жылғы 30 маусымына дейін жауын шашынның кесірінен тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге, талап қоюшы өзінің талаптарынан  толықтай бас тартуға  міндеттенеді.

Сотпен медиациялық келісім бекітілуіне байланысты азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамамен талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж кері қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі