Рұқсат етілмеген діни кітаптарды сатқаны үшін айыппұл төледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 490 бабының 1 бөлімінің 3 тармақшасымен Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-құжаттарынан анықталғандай, құқықбұзушы Т.Атырау қаласындағы  «Подарки» дүкенінің басшысы бола тұра,жергілікті атқару органына тіркелмей, діни кітаптарды және діни бағыттағы заттарды сатуға арналған арнайы рұқсат беретін құжатысыз 4 (төрт) дана  діни кітаптарды сатқан. Діни қызмет және діни бірлестік заңдарын бұзғандығы үшін ӘҚБтК-нің 490 бабының 1 бөлігі 3 тармақшасымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот құқықбұзушы Т.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 490 бабының 1 бөлімі 3 тармақшасымен кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде ӘҚБтК-нің 819 бабының 2 бөліміне сай, әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасынан отыз пайызға қысқартып, оған 74 235 теңге айыппұл салу жазасын тағайындап, қызметін 3 ай мерзімге тоқтатты.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі