Рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысып, айыппұл төледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы  К.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Миялы селосы, Н.Шаутикенов көшесінде орналасқан К.А.-ның дүкеніне Қызылқоға аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерімен тақырыптық тексеру жүргізіліп, тексеру кезінде дүкенде саттықта тұрған, сату үшін сақтауда тұрған  алкоголь өнімдері табылып, сондай-ақ  құқық бұзушы К.А.-ның алкоголь өнімдерін бөлшек сатуға мемлекеттік лицензиясының жоқтығы және қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеуге тұрмағандығы анықталған.

Құқықбұзушы К.А.-ның іс әрекеті Қазақстан Республикасының ӘҚБтК--нің 463 бабының 1 бөлігімен дұрыс дәрежеленген, яғни тіркеу, рұқсат беру міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз, рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған.

Сот қаулысымен К.А. кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 53 025 теңге айыппұл салынып, алкоголь өнімдері тәркіленді.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі