Семинар сабағы сот өндірісіндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне арналды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот қызметкелері мен судьялардың қатысумен оқу семинары өткізілді.

Кеңсе маманы А.Бекмұханова «Қазақ тілінің сот ісін қараудағы үлесі қандай?» тақырыбында баяндама оқып, қазіргі кезде мемлекет тарапынан еліміздегі барлық азаматтардың қазақ тілін қарқынды оқуы бойынша бағдарламалар жасақталып, жүзеге асырылып жатқанын айта кетіп, сонымен қатар, қылмыстық істерді қарауда сот өндірісіндегі қазақ тілінің дамынуына көңіл аударды.

 Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өзара пікір алмасып, кеңестермен бөлісті.

Қайнар: 
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі