Семинар сабағы сот приставының сот отырысы залындағы жауапкершілігіне арналды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотымен  «Сот приставтары туралы» Заңды түсіндіру тақырыбында аудандық соттың күзет қызметкерлерімен бірлескен семинар сабағы  өтті.

Аға сот приставы Г.Егизбаева өзінің баяндамасында сот приставының құқықтары мен мiндеттерiн, сот приставтарының жауапкершiлiгi туралы, сот приставтарын әлеуметтік қорғау шаралары, сот приставының атыс және электрлік қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдану тәртібі жайлы айтып өтті.Және аға сот приставы күзет қызметкерлері мен сот приставының бірігіп іс - қимылдар атқарулары тиіс екендігі туралы баяндап берді.

Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

Семинар соңында сот төрағасы Д.Тұхфатова 3 мамыр 2016 жылғы  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығының орындалуын семинарға қатысушыларға басты назарға алуды тапсырды.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі