Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін шартты жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігімен айыпталған азамат Б.О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Б.О. Қазақстан Республикасының шегінен шығуға рұқсаты болмаса да, 2016 жылдың 13 тамызында сағат 05-30 минут шамасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының бақылау пунктінен тыс өту мақсатында Құрманғазы ауданы Котяевка ауылына келіп, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекараларында өтіп жатырған Қиғаш өзенінің жағасына жетіп, өзінің қылмыстық пиғылын аяғына жеткізу мақсатында аталған өзенді «Достық» көпірінің астынан жүзіп өткен.   

05 сағат 30 минут шамасында өзенді жүзіп Ресей Федерациясына өтіп кеткен. 2016 жылғы 17 тамыз сағат 22-00 минут шамасында Қазақстан Респубикасына қайтып келе жатырған кезде, Астрахан облысының Краснояр ауданына қарасты Караозек селосынан 500 метр қашықта Ресей Федерациясының федералдық қауіпсіздік қызметінің шекара басқармасының қызметкерлерімен ұсталып, 2016 жылғы 19 тамызда Қазақстан жағына тапсырылды.

Азамат Б.О. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ҚК-нің 63-бабы қолдану арқылы тағайындалған жаза шартты деп белгіленді.

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі