«Шөптен» ақша жасаймын деп бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының №2 сотында келісімдік іс жүргізу тәртібінде жасақталған кінәні мойындау туралы процестік келісім негізінде Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа берілген М.Оразбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол жалпы салмағы 0,82 грамм болатын марихуана есірткі затын өткізу мақсатында сақтағаны үшін айыпталған.

Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында сотталушы мен қалалық прокурор арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасақталған.

Сот, жасалған қылмыстың санаты мен сипатын, жеңілдететін мән-жайларды, сотталушының отбасылық жағдайын ескере отырып, ҚК-нің 55-бабының 3-бөлігін қолданумен М.Оразбаевқа түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, соттың үкімімен сотталушыдан мемлекет пайдасына 6 948 теңге процестік шығын өндірілді.

Қайнар: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі