Сиырды автокөлігімен қағып керткен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен Б.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Б.Ж. Атырау-Индер тас жолы тұсында «Volkswagen Sharan» маркалы автокөлігін басқарып келе жатырып жол қауіпсіздігін қадағаламай, алдында тұрған кедергіні айналып өтпей, ірі-қара сиыр малына соқтығыс жасап, нәтижесінде сиыр малының иесі М.Д.-ға материалдық шығын келтірген.

Сот отырысында Б.Ж.өз кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірілген шығынның орнын алдағы уақытта өтейтінін, өзі жанұясын осы автокөлікпен асырап отырғанын айта отырып, соттан жеңіл жаза қолдануды сұраған.

Сот, істің мән-жайларын жан-жақты, толық және обьективті зерттеп, Б.Ж.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 21 210 теңге айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі