Сора сақтағаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотталушы А.Н.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық ісі қаралды. 

Сотталушы А.Н. 2016 жылдың наурыз айында «Алматы – Атырау» бағытындағы жолаушылар поезының №3 вагонында отырып, өзінің қол сөмкесінде «гашиш» түріндегі есірткі затын сақтаған. Сотталушының түсінігі бойынша аталған есірткі затын өзінің жеке басының пайдалануына байланысты сақтаған.

Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 63 630 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі