Сот алқасы Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың апелляциялық шағымдарын қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

20 қаңтар 2017 жылы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушылар М.Боқаев пен Т.Аяновтың және олардың қорғаушыларының Атырау қаласының №2 сотының үкіміне келтірген апелляциялық шағымдарын қарады.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 28 қараша 2016 жылғы бірінші саты  сотының үкімі өзгеріссіз, ал апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.

Бұрын, сотталушылар М.К.Боқаев пен Т.Т.Аянов Қазақстан Республикасының ҚК-нің 174 бабының 2 бөлігінде (алдын ала адамдар тобы болып, әлеуметтік, ұлттық алауыздықты қоздыру), 274 бабының 4 бөлігінде (жария іс шаралар өткізу кезінде алдын ала адамдар тобы болып көрінеу жалған ақпарат тарату), 400 бабында (митингілерді ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу) көзделген қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен М.К.Боқаев және Т.Т.Аяновқа 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 530 250 теңге көлемінде айыппұл салынып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

ҚК-тің 58 бабының 3 бөлігі негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен сотталушыларға түпкілікті өтеуге әрқайсысын 3 жыл мерзімге қоғамдық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып,  5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру белгіленді.

Жаза өтеу орны ретінде жалпы режимдегі түзеу колониясы белгіленді.

Жаза өтеу мерзімі 2016 жылдың 31 мамырынан бастап есептеледі.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі