Сот арнаулы комиссияның хаттамалық шешімін заңсыз деп танып, азаматтың бұзылған құқығын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында арыз беруші М.Б.-ның «Қызылқоға аудандық әкімдігі» мемлекеттік мекемесінің аудан аумағында тұрып жатқан 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 09 мамыр кезеңінде, кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін белгілеу үшін арнаулы комиссиясының хаттамалық шешімін заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

1938 жылы туылған азамат М.Б. сотқа арыз жолдап, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен мәртебесін алу үшін жергілікті атқарушы органы жанындағы арнаулы комиссияға жүгініп, өзінің тылда еңбек еткенін растап, тыл ардагері деп тануды сұрағанын, алайда камиссияның  шешімімен Атырау облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы хаты негізінде еңбек өтілін белгілеуден бас тартылғанын, онда 1937 жылы туылған азаматтарға соғыс жылдарындағы еңбек өтілі көрсетілмесе де дәреже берілетіні көрсетілгенін айтқан.

М.Б. бұл шешіммен келіспей, соттан оны заңсыз деп тануды сұрайды.

Сот істің мән-жайын зерттеп, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 09 мамыр кезеңіндегі еңбек өтілін белгілеу жөнінде өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы арнайы комиссияның хатамалық шешімі заңсыз деп танып, анықталған кемшіліктерді ескеріп, азамат М.Б.-ның шағымын қанағаттандырды және комиссияға қайта қарау міндеттелді.

Сотпен Қызылқоға ауданы әкімінің тарапына анықталған кемшіліктерді жою шараларын алу жөнінде жеке ұйғарым шығарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі