Сот «Атырау ӘКК»-ның төрағасын үй қамаққа алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 361 бабының 4 бөлігімен, яғни лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану бойынша күдіктелген Атырау қаласының тұрғыны Т.А.-ға қатысты «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тергеу амалдарының дерегінше, Т.А. ««Атырау ӘКК» ҰК» АҚ-ның төрағасы болып, қарыз соммасын қайтару кепілі, кепіл мүлкі жоқ екендігіне көзі жете тұра, «Тігін цехын және ет павилонының құрылысы» жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылдап, Н.Избасаров басшылық жасайтын «Байтерек-2013» ЖШС-не 47 853 000 теңге көлемінде қарыз берген. 

Қайнар: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі