Сот әдебі кодексінің жобасы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотының судьялары арасында Қазақстан Республикасының Судьялар одағының VII-съезінде қабылданатын судьялар тәртібінің қағидалары мен ережелерінің этикалық кодексі жобасы талқыланды.

Сот төрағасы Д.Тұхфатова аталған жобаның сот әділдігін жүзеге асыру сапасын және сот жүйесінің мәртебесін көтеру мақсатында, соттардың кәсіби деңгейін жоғарлату мәселелері кеңімен көрсетілгенін, атап айтқанда соттардың тарапынан шығарылатын сот актілерінің сауатты, нақты және түсінікті болып талап етілуі, сот процесстерінің уақытылы басталуы және де сот отырыстарының негізсіз кейінге қалдыру фактілері мен үзілістерді жою сиқты өзекті мәселелерді атап өтті.

Аталған жобаны талқылау соңында судьялар жобаға өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. 

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі