Сот дүкен сатушысына айыппұл салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен азаматша Е.С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Махамбет ауылындағы «Мақсат» азық-түлік дүкеніндегі сатушы Е.С. 10 жастағы қыз балаға сиымдылығы 0,5 литр арақ өнімін сатқан. Яғни, салдарын біле тұра, жиырма бір жасқа толмаған азаматқа алкоголь өнімін өткізген.

Сот, істің мән-жайларын толықтай зерттеп, Е.С.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігінде көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін кінәлі деп танып, оған 1 ай мерзімге алкоголь өнімдері түріне лицензия қолданысын тоқтатып, әкімшілік жаза ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 22 690 теңге айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі