Сот ғимаратында рұқсатнамалық тәртіптеме Ережелерін зерделеу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында сот және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерінің қатысуларымен «Сот ғимаратында  рұқсатнамалық  тәртіптеме Ережелерін  зерделеу» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өткізу және объектішілік режим – ішкі тәртіп, адамдардың бақылаусыз кіруі, күзетілетін объектіге мүлікті бақылаусыз алып кіру (алып шығу), әкелу (әкету) соттың ғимаратына алып өтуге (алып жүруге) тізбеге сәйкес тыйым салынған заттарды алып өтуге (алып жүруге) болдырмауды, ғимараттардын терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыру мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша  қатысушыларға рұқсатнамалық  тәртіптеме ережелерді қатаң сақтау тапсырылды.   

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі