Сот марихуана сатушыны 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының №2 сотында сотталушы М.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың сәуір айында сату үшін есіркі затын заңсыз сақтаған М.А. бүркеншік Г. есімді азаматқа заңсыз жалпы салмағы 0,8602 грамм болатын екі газет орамасына салынған есірткі заты марихуананы 5 000 теңгеге өткізген.

Сот отырысында сотталушы М.А. және оның қорғаушысы прокурормен кінәні мойындау туралы процестік келісімді жасақтаған.

Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының жастығын, бұрын қылмыс жасамағандығын, әрекетіне өкінуін ескеріп, ҚК-тің 55 бабын қолданып, оны 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі