Сот отырысына келмеген азамат жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы Н.-ға қатысты әкімшілік істің қаралуы 2016 жылдың 15 қарашасына сағат 17:15-ге тағайындалған,  сот мәжілісінің өту күні мен уақыты туралы құқықбұзушыға ресми түрде хабарланған. Алайда, белгіленген уақытта құқықбұзушының сотқа келмеуіне байланысты сот отырысы 2016 жылдың 18 қарашасына сағат 17:00-ге тағайындалған. Бұл жолы да құқықбұзушы Н. сот отырысына себепсіз келмей, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен.

Сот қаулысымен Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту жазасы қолданылды.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі