Сот талқылауына дайындау кәсіпқой медиатордың қатысуымен өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Исатай аудандық сотына талап қоюшы Г.С-дан жауапкер М.К-мен араларындағы некені бұзу туралы талап арыз түсті.

Осы талап арыз бойынша сот талқылауына дайындау судья Е.Абдрамановтың төрағалық етуімен өткізіліп, тараптарға заңнамада көзделген олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Сондай-ақ, төрағалық етуші тараптарға дауды татуласу келісімімен, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен шешу не дауды шешу үшін төрелікке жүгіну құқығын және олардың құқықтық салдарын түсіндіріп, сот отырысына кәсіпқой медиатор М.Мұхтарова қатыстырылды.

Әрі қарай, кәсіпқой медиатордың қатысуымен тараптардың арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау үшін сот талқылауы кейінге қалдырылды.

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі