Сот тараптарды татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

«Полимер Маркет» ЖШС-гі жеке кәсіпкер А.Ж.Утеповадан 477 360 теңге берешек және 1 104 225 тенге тұрақсыздық айыбы сомаларын өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Алдын-ала сот отырсында тараптар татуласу келісімін жасақтады. Келісім шарттары бойынша жауапкер негізгі берешек 477 360 теңгені және 222 640 теңге тұрақсыздық айыбын мойындап, 2017 жылғы 15 қазанға дейін 350 000 теңгені, 2017 жылғы 15 қарашаға дейін 350 000 теңгені төлеуге міндеттенеді, талап қоюшы жауапкерге қойған талабынан бас тартады.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен тараптар арасында жасақталған татуласу келісімі бекітілді, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар