Сот татуластыру әдістерін қолдану алқылы жанұяны сақтап қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы С.М.-ның жауапкер К.Е.-дан некені бұзуды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, тараптар 2016 жылдан бастап заңды некеде болып, ортақ некеден жасы кәмелетке толмаған бір баласы барын, мінездерінің келіспеушілігіне байланысты бірге тұра алмайтындықтарын айтып, сотқа  арызданған.

Сотта талап қоюшы жауапкермен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұраған.

Жауапкер ары қарай жанұясын сақтау мақсатында барлық күш жігерін

салатынын айтып, істі бітімгершілікпен қысқартуды сұраған.

Сотпен тараптардың бітімгершілікке келулеріне байланысты азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Сотпен қолданылған татуластыру рәсімінің арқасында бір отбасы сақталып қалды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар