Сот ЖШС-ті әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 543 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасап, кедендік жұмысты уақытылы бітірмеген «Т.Д. Вильямсон Казахстан» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Т.Д. Вильямсон Казахстан» ЖШС-і уақытша 27 сәуір 2016 жылға дейін құбырларды оңдау үшін гидралық цилиндрді Қазақстан Республикасының шекарасына кіргізген болатын. Мамыр айындағы мерекелерге байланысты уақытты ұзарту жөніндегі арызын 17 мамыр күні тапсырған.

Сот «Т.Д. Вильямсон Казахстан» ЖШС-н Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 543 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 42 420 теңге әкімшілік айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі