Сотпен құқықбұзушыға айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2017 жылдың тамыз айында Б. «Тойота-Хайлюкс» маркалы көлік құралын басқарып, Шаңырақ поселкесі Құлсары-Сарықамыс тас жолында орналасқан темір жол өткелі жанында жол қауіпсіздігі ережесін сақтамай, азамат У.-дың басқаруындағы «КИА Соренто» маркалы көлік құралына соқтығыс жасап, оған материалдық залал келтiрген.

Сот отырысында құқықбұзушы Б. өзінің кінәсін мойындамаған.

Сот іс құжаттарын зерттеп, Б.-ны жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 22 690 теңге айыппұл салды.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі