Сотта ерлі-зайыптылар медиация көмегімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы С.Г-ның жауапкер А.И-мен араларындағы некені бұзу жөніндегі талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында талап қоюшыдан жауапкер А.И.-мен татуласуына байланысты медиациялық келісім шарт жасақтау туралы өтініш түсті.

Сот ұйғарымымен тараптардың медиациялық келісім шарты бекітіліп, іс өндірістен қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.  

Қайнар: 
Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі