Судья Ғ.Отарұлы «Заң қуаты» бағдарламасына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігін жүзеге асыруда барлық соттарда сот әділдігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарын ашық көрсету үшін сот органдары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауында заң алдындағы теңдік құқықтық тәртіптің негізі болуы керектігін көрсетті. Сот жүйесі тәжірибеде ашық және қолжетімді, қарапайым болып, барлық дауларды тез шеш алатындай болуы тиіс.

Елбасымен қойылған тапсырмаларды орындаумен байланысты бірқатар шараларды өткізу қарастырылды. Бұл тапсырмалардың орындалуы әр судьядан жауапкершілікті, кәсіби дамытушылыққа талпынуды, сот төрелігін жоғары деңгейде жүзеге асыруды талап етеді.   

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғизатолла Отарұлы «Атырау» телеарнасындағы «Заң қуаты» бағдарламасының тікелей эфиріне  қатысып  ««Мұраға қалдыру және мұрагерлік» тақырыбында сұхбат берді.

Спикер тілші және көрермендердің сұрақтарына жауап беріліп, қаралатын істер бойынша мысалдар келтірді.

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі