Судьялар «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай-қорығына экскурсия жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Атырау облысы Махамбет ауданында орналасқан «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай-қорыққа барып, мұражаймен танысып экскурсия жасады.

Сарайшық қаласы Ұлыс Жошының басқару мезгілінде салынған. Бұрын Сарайшық қаласында ғажайып сарайлар, мешіттер, медреселер, моншалар болған. Сарайшық Еуропа мен Азияның өткелінде салынған, сондықтан географиялық өте жақсы орналасқан.

Мұражайда ежелгі Сарайшық қаласындағы қырандыларын, оның макетін және де ғалымдардың археологиялық қазба жұмыстарымен жиналған экспонаттар жинағын көруге болады.

Сот судьялары мұражайды аралап, қызмет пен дәстүрлі өмірді ұштастыру мүмкіншіліктері бар екеніне риза болды.

Қайнар: 
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі