Судьялар мен полицейлер көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар мәселесін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Атырау облысының ішкі істер департаментінде «Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылық» және  ӘҚБтК-нің 608 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қыбылданған жеке қаулылар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жаксылык, әкімшілік сот судьялары және Атырау ҚІІБ-нің қызметкерлері қатысты.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жаксылык өз сөзінде кең таралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі, жүргізушілердің көлік құралын алькоголдік және есірткі масаң күйінде басқару болып толып табылатынын, Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы құжаттарды толтыру кезіндегі қателіктерге тоқталып ӘҚБтК-нің нормаларын сақтап, құжаттарды жинақтауды толығымен жүзеге асыру қажетттігін атады.Сот төрағасы полиция қызметкерлерінің әкімшілік хаттаманы толтыруда оның мазмұны мен талаптарының сақталмайтындығын атап, сот практикасынан кейбір әкімшілік істердің дәлелдемелердің жетіспегендіктеріне тоқталып мысалдар келтірді.

Дөңгелек үстел қатысушылары өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, өз ойларымен бөлісті.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі