Судьялардың жаңа әдеп кодексінің жобасы жаңадан тағайындалған судьялар арасында талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында жаңадан тағайындалған судьялар Кеңесінің «Судьялардың жаңа Әдеп кодексінің» жобасы талқылау отырысы өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты судьялардың Әдеп кодексінің мәселелерін бірлесе талқылап, ұсыныстар енгізу болып табылды.

Іс-шараға Атырау қаласының жаңадан тағайындалған судьялары қатысты. 

Іс-шараны қалалық соттың төрағасы  А.Н.Ерманов ашып, ағымдағы жылда VII кезектен тыс судьялар съезі өтетінін, онда судьялардың жаңа Әдеп кодексі мен мінез-құлық ережелері қабылданатынын  атап өтті.

Күн тәртібінде сөз алған Атырау қалалық сотының судьясы М.О.Саримова «Судья әдебін сақтау-мінсіз сот төрелігінің кепілі»  тақырыбында баяндама жасап, қабылданатын жаңа кодекстің оң тұстары мен жаңалықтарын түсіндірді. 

Жаңадан тағайындалған судьялар мен судьялыққа үміткерлер  судьялардың Әдеп кодексінің жобасының талқылау барысында Судьяның моральдық-адамгершілік келбетіне талаптың күшеюі судьяның кәсіби қызметінде, қоғамда, отбасында және үйде өзін-өзі ұстаудың әдеп негіздерін белгілейтін нормалар мен  ережелеріне толығырақ тоқталды.

Іс-шара соңында қатысушылар туындаған сұрақтар бойынша пікір алмасып, өз ұсыныстарының нұсқаларын ұсынды.

 

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі