Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу мақсатында кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Махамбет аудандық орталық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршаның міндеті» тақырыбында аудандық соттың бас мамандары А.Утеулиеваның және А.Досмағамбетованың, аудандық Әділет басқарамасының жетекші маманы М.Искужинаның қатысуымен кітапхана мамандары мен тұрақты оқырмандар арасында кездесу өткізілді. 

Аталған шара кітапхана директорының орынбасары З.Енбаеваның басшылығымен өткізіліп, ол шараның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, індеттің жолын кесу әрбір Қазақстан азаматының парызы екендігін баса айтып, баяндамашыларға сөз кезегін берді.

Өз сөзінде сот қызметкері А.Досмағамбетова сыбайлас жемқорлық бойынша дайындаған баяндамасын оқып, аталған мәселемен күресудің маңыздылығына, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жұмыстарын жүргізуде аудандық сотпен атқарылған іс-шараларға тоқталды. Одан бөлек,халықтың сот жүйесіне деген қолжетімділікті  кеңейтіп және ашықтыққа қол жеткізуді арттыру  туралы  Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында,сот саласына енгізілген жаңашылдықтардың көбі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірден-бір көзі екендігін айтты. Себебі, қазіргі таңда сот саласына енгізілген қызметтердің бәрі онлайн түрде жүзеге асырылатындығын айтып өтті. Сондай-ақ баяндамашы сот саласына енгізілген жаңашылдықтарға кеңірек тоқталып,  атап айтқанда «Сот кабинеті» сервисінің артықшылықтарына және «Дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасының» тиіімділігіне тоқталып түсінік берді. Кейін оқырмандардың сот саласына қатысты қойылған сұрақтарына жауап берді.

Шара соңында кітапхана меңгерушісінің орынбасары аталған жиын қатысушыларына өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. 

Қайнар: 
Атырау облысының Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі