Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша көрсеткіш

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қазіргі кезде  қоғамымызда  қауіпті құбылысқа айналған қылмыстардың бірі, сыбайлас жемқорлық болып отыр.
     Республикамыздың нарықтық экономика кезеңінде, сыбайлас жемқорлық қылмыспен қарсы күрес жүргізу мәселесі ең басты құндылық болып есептеледі.
          Ел Президенті қылмысқа қарсы күреске байланысты бірқатар жарлықтар шығарды. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының қылмыспен күресті күшейту мен құқық қорғауды нығайту мәселелері жөніндегі мәжілісінде, парақорлықпен күрестің түбегейлі шараларын назарға алып, «Парақорлық әлеуметтік қауіпті көлем алып барады»,- деп атап көрсетіп, параны көп нәрсе үшін, яғни жер бөліп бергені үшін, коммерциялық құрылымдарды қайта тіркегені үшін, әскерден қалдырғаны үшін, табысын салықтан жасыру үшін, жекешелендіруге жәрдемдескені үшін, ең соңында басшының алдынан тамыр-таныстықпен өткізгені үшін алады».
           Сыбайлас жемқорлық еліміздің алға басуына кедергі келтіреді және біздің қоғамымыздың ең басты қауып-қатерлерінің бірі болып табылады.
           Сондықтан, осы қатерлерді болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
           Алайда сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы күн сайын күшейтілгенмен, жегі құртқа айналған жемқорлықтан бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің саны азаятын емес.
     Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп жалған мәлімет, хабар  берген субъектілердің көпе-көрінеу іс әрекеттерге барғаны үшін де жауапкершіліктер қаралған.
        Сыбайлас жемқорлықтың екі түрі бар: жемқорлық қылмыс және жемқорлық құқық бұзушылық. Әкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыстық жазалау іс әрекетінен айырмашылығы қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі азырақ.
            Барлық азаматтар заң төрелігі алдында тең.
            Бұл қағиданың сақталуы  және жүзеге асырылуы маңызды фактор болып табылады.
            Сондай-ақ қай деңгейдегі мемелекеттік қызметкер болмасын адал еңбек етіп, басқалардан да осыны талап етуі міндетті деп ойлаймын.
            Сонда ғана бұл індеттің алдын алып, ауыздықтауға болады.
            2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты бір қылмыстық іс Индер аудандық сотында қаралып, заң шеңберінде  жазасын алды.
 
        Индер аудандық сотының
        аға сот приставы:                                                                                       Егізбаева Гульфара Қожағұл қызы.