Талапкердің талап арызы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Пять Морей» ЖШС-нің жеке кәсіпкер Г.Утекешовадан 3 600 000 тенге қарыз соммасын өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық істі қарады.

Талапкер өз арызында жауапкермен заем келісім-шартын жасасқанын, алайда жауапкер қарыз сомасын әлі күнге дейін қайтармағандығын көрсетіп, талап арызды қанағаттандыруды сұрады. Сот отырысының орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған жауапкер сотқа келмегендіктен және келмеуі себептерінің маңыздылығы жөнінде сотқа мәлімет бермегендіктен, сот істі жауапкердің қатысуынсыз қарады.

Сот шешімімен талап арыз толықтай қанағаттандырылып, жеке кәсіпкер Г.Утекешовадан «Пять Морей» ЖШС-нің пайдасына 3 600 000 теңге және 108 000 теңгемемлекеттік баж соммасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі