Тараптар балалардың мүддесі үшін медиациялық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық соты балалармен қарым-қатынас жасау уақытын белгілеу туралы  азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Істің мән-жайы бойынша талап қоюшының баласы өзінің зайыбы мен оның сіңлісін өлтіріп, одан кейін өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған. Жетім қалған балалар нағашыларының қамқорлығына берілген. Орын алған оқиғаның салдарынан екі тараптың арасында бас араздық туындап, дауды өздері реттей алмаған. Сондықтан талап қоюшы соттан кәмелетке толмаған немерелерімен қарым-қатынас жасау уақытын белгілеуді сұраған.

Сот отырысы барысында төрелік етуші судья заң талаптарына сай туындаған дауды медиация тәртібімен бітімгершілікке келу мүмкін екенін түсіндіргеннен кейін, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беріп, медиацияны іс жүргізіп жатқан судья Б.Идирисовтың өзі өткізуін сұраған.

Тараптар балалардың мүддесі үшін медиациялық келісімге келіп, сот істі медиация тәртібімен қысқарту туралы ұйғарым шығарды. 

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі