Тараптар татуласу келісімін жасасып, азаматтық іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы «Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің жауапкер Қ.А.-дан қарыз өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап қою арызында жауапкер А.-дан  әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім бойынша міндеттемелер орындалмауына байланысты 49 000 теңге өндіруді сұраған.

Аталған талап арыз соттың іс жүргізуіне оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қабылданды.

Сотқа тараптардан татуласу келісімін бекіту туралы өтініш түскен.

Ұсынылған татуласу келісімінің шарттары бойынша жауапкер талап қоюшыға қарызды 2017 жылдың 15 сәуіріне дейін өтеуге міндеттенеді. Талап қоюшы жауапкерден 49 000 тенгені өндіру туралы талап қою арызынан бас тартады.

Сот ұйғарымымен аталған азаматтық ісі бойынша тараптардың татуласу келiсiмі бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоғааудандық сотының баспасөз қызметі