Тараптармен дауды партисипативті тәртіпте рәсімдеу туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «RBM Sweco Productions» ЖШС-нің жеке кәсіпкер Р.Бисенбаевадан  Атырау қаласы, Атырау-Еркінқала трассасында орналасқан кадастрлық №04-066-003-1735 құрылысын заңсыз деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізілу нәтижесінде партисипативтік келісімге келіп, оны бекітіп беру туралы өтініш жасады.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен азаматтық іс бойынша партисипативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.

Талап қоюшыға талап қою арызын сотқа беру үшін төленген 2 121 теңге мемлекеттік баж сомасы толықтай қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі