Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен мониторингі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот қызметіне медиацияны және медиациялық дағдыларды интеграциялау, тәжірибеде, судьяларда тараптардың медиацияға жүгінуінің есебі артып келетінің көрсетуде (қаралған істердің жалпы санына қарағанда). Азаматтық істерді тараптардың татуласуына байланысты өңдірістен тоқтату, оның ішінде тараптардың медиациялық келісімін жасақтауымен, партисипативтік тәсілмен реттелуімен өскені байқалып отыр.

Бұл жерде медиация жасаудың дағдыларына ие болу, тараптарды анағұрлым татуластыруға себепші болуға мүмкіншілікті бере тұра, судьялардың жүктемесін төмендетуге көмектеседі.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай татуластыру рәсімдері туралы ақпаратты таратуда сот жүйесі тиімді және маңызды ресурстардың бірі болып табылады. Жыл сайынғы азаматтар мен заңды тұлғалардың сот органдарына жүгінуінің есебінің жоғарлығына байланысты, сот жүйесінің орнының өте маңыздылығын көрсетіп отыр.

Осыған орай атап айтатын болсақ Атырау қалалық сотымен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында өндіріспен аяқталған 4968 істің ішінде татуласу келісімін бекітумен 72 іс, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасумен 189 іс, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы 5 іс қаралып аяқталды, яғни татуластыру рәсімдерімен барлығы 266 іс аяқталып отыр. Өткен жылдың нақ сол кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 119 іске артып немесе татуластыру рәсімдерін қолдану 3,3 пайыздан  5,5 пайызға өсіп отыр. 

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі