Темекі қалдығы үшін бес тәулік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен азамат С.Б. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 2 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

С.Б. бұрын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін өзіне тиісті қорытынды шығармай, қайтып тап сондай әрекеттерді жасаған. Атап айтқанда, 2016 жылдың қараша айында Шортанбай ауылдық округінде орналасқан Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің №10 тірек пунктінің алдында темекі тұқылын жерге тастап, ортақ пайдалану орындарын ластап, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық әрекеттерін қайталап  жасаған.   

Сот отырысында С.Б. кінәсін мойындап, іс-әрекетіне өкінді.                       

Сот С.Б.-ны кінәлі деп танып, оған  5 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі