Терезені сындырғаны үшін 4 тәулікке қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысның Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотпен анықталғандай, азамат А. 2017 жылдың сәуір айында Тұщықұдық селосы, Шыныбек елді мекенінде орналасқан 78 жасар көршісі Шапхаттың үйіне барып, есігін соғып ашуды талап еткен, соңғы есікті ашпағаннан кейін, үйдің терезесін сындырып, қоғамдық тәртіпті бұзып, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 4 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі